Референдум 2024
1 мин оқу 150

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдар дауыс берді

<div class="xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r x1vvkbs x126k92a"> <div dir="auto" style="text-align: justify;">Елордада мүгедектігі бар 36 мың адам тұрады, оның ішінде 21 мыңнан астамы дауыс береді. Референдум күні олардың дауыс беру пунктеріне инватакси жеткізеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</div> </div>

Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдар дауыс берді
Дауыс беру кезінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін сайлау учаскелерінде қолайлы жағдай жасалды.
 
Референдум учаскелерінде пандустар, тұтқалар мен тактильді белгілер, көру қабілеті бұзылған азаматтарға аудиожазбаны тыңдағаннан кейін бюллетеньдерді өз бетінше толтыруға мүмкіндік беретін қолжетімді трафареттер орнатылды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі адамдар тіркелген учаскелерде жеке көмекшілер мен сурдоаудармашылар қызмет көрсетеді.
 
Астана тұрғыны Әсемгүл Әбдірахманова №83 мектеп-гимназияда орналасқан №56 сайлау учаскесіне инватакси арқылы келді. Сайлау учаскесінде оған ыңғайлы және қолжетімді дауыс беру үшін барлық мүмкіндік берілді.
 
«Учаскеге келгенімде  еріктілер қарсы алып, жол көрсетті. Бұл референдум - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де мүмкін емес нәрсе жоқ екенін көрсетті», деді сайлаушы.
Бөлісу: