Аймақтар
1 мин оқу 110

99 жастағы кейуана референдумда таңдауын жасады

<p style="text-align: justify;">Тыл еңбеккері, Алматыдағы Наурызбай ауданының 99 жастағы тұрғыны Кәмилә Қасымова Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға жеке өзі қатысты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

99 жастағы кейуана референдумда таңдауын жасады

Кәмилә Қасымова Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында орналасқан № 511 сайлау учаскесіне барды.

«Бүгін - ел үшін тарихи күн. Мен аға буын өкілі ретінде референдумға қатысып, өз дауысымды беруді шештім. Бұл біздің балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы үшін өте маңызды қадам», деді кейуана. 

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазанда Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі  № 388 сайлау учаскесіне келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Алматы

Бөлісу:
99 жастағы кейуана референдумда таңдауын жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар