Аймақтар
1 мин оқу 130

Ең қарт тұрғын да қалыс қалмады

<p style="text-align: justify;">Еліміздегі жасы ең үлкен кейуана Түймегүл Темірбаева облыстың Жаңаарқа ауданына қарасты Қызылжар ауылында тұрады.</p>

Ең қарт тұрғын да қалыс қалмады

Жуырда ғана қарт әжені аудан, ауыл басшылығы карттар күнімен құттықтап келген болса, бүгін шаңырағына учаскелік сайлау комиссияның мүшелері келді. Өйткені, ол кісі комиссияға денсаулық жағдайына байланысты үйінде дауыс беруді ұйымдастыру туралы өтініш білдірген екен.

«Үйден шыға алмасам да көңілім халқыммен біргемін. Сондықтан, көптен қалмай, мен де өз таңдаума байланысты дауысымды бердім. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», деген Түймегүл әжей дауыс беріп болғаннан кейін сөзін елге, халыққа деген ақ батасымен бітірді.

Ұлытау облысы,
Жаңаарқа ауданы

Бөлісу:
Ең қарт тұрғын да қалыс қалмады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар