Жаңалықтар
1 мин оқу 270

Алматы облысында басқарма басшысы тағайындалды

951961022АСТАНА. 28 қаңтар. Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың өкімімен Айтқұлов Қанат Онғарұлы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Қ.Айтқұлов бұған дейін Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Алматы облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы қызметін атқарған. Жолдыбай Базар. Дерек: Алматы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. Сурет: ria.ru.
Бөлісу:
Алматы облысында басқарма басшысы тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар