Референдум 2024
1 мин оқу 160
Шетелде 7 мыңнан астам отандасымыз дауыс берді
<p style="text-align: justify;">Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаске жұмысын аяқтады. 7 358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын беріп үлгерді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, 60 дауыс беру учаскесі әлі өз жұмысын жалғастырып жатыр. Олар Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде орналасқан. Сан-Франциско қаласындағы тағы бір учаске Астана уақыты бойынша сағат 20:00-де ашылады.
Еске сала кетейік, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған еді. Шетелде дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны - 12 307.
Бөлісу: