Референдум 2024
1 мин оқу 80

Ертеңге деген сенім

<p style="text-align: justify;">Референдум күні солтүстікте ауа райы жылымық болғаны&shy;мен, күн бұлыңғыр тартып тұрды. Көшедегі жаяу жүрген қа&shy;раң-құраңның әдеттегі жексенбіден молырақ екеніне қарағанда, жұрттың дауыс беруге барып жатқаны сезіліп тұр.</p>

Ертеңге деген сенім

Біз алдымен өзіміз дауыс бе­ретін №575 референдум учас­кесіне ат басын тіредік. Сағат 09.30-да дауыс беруге келгендер саны тым аз көрінді. Учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Светлана Щербако­ва да халықтың белсенділігі әзірге тө­мендеу екенін айтты. Біз болған жарты сағаттай уақыт­та 7-8 адам ғана келіп, дауыс берді.

Ал қаланың Интернационал көшесінде орналасқан Смағұл Сәдуақасов атындағы орта мектеп­тегі №578 референдум учаскесінде халықтың жиі келіп жатқаны байқалды. Комиссия төрағасы Ләз­зат Құрманғалиеваның айтуы­на қарағанда, күндізгі сағат 11.00 кезінде 150-дей адам дауыс бер­генін айтты. Бұл учаскеге барлығы 1 594 сайлау құқы бар азамат тіркелген екен. Әзірге соның 10 пайыз­дайы ғана дауыс берген болып шықты.

Күндізгі сағат 12.00-дегі ОРК мәліметіне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысында дауыс бергендер үлесі дауыс берушілердің 40 пайызындай болыпты. Бұл – рес­публика бойынша орта деңгейді көрсетеді.

Жалпы, біз болған 4-5 учаске­нің бәрінде дауыс беруге келгендерге барлық жағдай жасал­ған. Қабырғаларға ақпараттық, анық­тамалық қағаздар ілінген. Сазды әуен шалқып, халықтың көңіл күйін көтеріп тұрды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Ертеңге деген сенім · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар