Референдум 2024
1 мин оқу 83

Демократия нышаны

<p style="text-align: justify;">Референдум &ndash; &laquo;Халық үніне құлақ асатын мемлекет&raquo; тұжырымдамасының айқын көрінісі. Маңыз&shy;ды мәселені көп болып шешу, дұрыс таңдау жасау маңызды. Алғашқылардың бірі болып Медеу ауданында орналасқан №378 референдум учаскесінде дауыс бердім.</p>

Демократия нышаны

Жалпы, дамыған елдерде өзекті мәселені осындай ауқымды кеңе­су арқылы талқыға салу жиі кезде­седі. Мысалы, Швейцарияда кейінгі он жылда 18 рет референдум болыпты. Американың азаматтары референдумға өте белсенді қатысады. Ең маңыздысы – олар әрбір сұраққа дайындалып, сол мәселені зерттей­ді. Әр­бір сұрақтарына жа­уап дайындап, жа­уап алған соң барып дауыс береді. Меніңше, елімізде өзге де референдумдар алда әлі көп болмақ. Өйткені біз – демократиялық мем­лекетпіз. Халық болып референдумда дауыс беруге үйренгеніміз маңыз­ды. Жалпы, азаматтары­мыз­да референдум мәде­ниеті болу керек. Мұн­дай саяси науқандар­дағы азаматтық белсенділігі­міз қалыптасқан елге айнал­ғанымыз абзал.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ,

Ұлттық ғылым академиясының президенті

Бөлісу:
Демократия нышаны · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар