Спорт
1 мин оқу 140
Дзюдодан әлем чемпионаты: Екі спортшы қола жүлде иеленді
<p>Тәжікстан астанасы Душанбеде дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі. </p>

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Қазақстан командасы аталған турнирде екі жүлдеге қол жеткізген.
Атап айтқанда, қазақстандық спортшы Талғат Орынбасар (60 келіге дейінгі салмақта) мен Азат Күмісбай (81 келіге дейінгі салмақта) қола жүлдегер атанды.
Жалпы есепте отандық құрама 15-орынға табан тіреді. Бірінші орынды 6 алтын, 5 күміс және 1 қола алған Жапония құрамасы иеленді.
Бөлісу: