Спорт
1 мин оқу 102

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

<p>Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды.&nbsp;Оған 26 елден 210 спортшы қатысады,&nbsp;деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ақпарат агенттігі.&nbsp;</p>

Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Чемпионатта отандық команда құрамында келесі спортшылар қатысады: 

- Кирилл Герасименко;

- Алан Құрманғалиев;

- Искандер Харки;

- Айдос Кенжеғұлов;

- Санжар Жұбанов;

- Сарвиноз Миркадирова;

- Зауреш Акашева;

- Анастасия Лаврова;

- Анель Бақыт;

- Ангелина Романовская.

Жүлделер ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сын, командалық, сонымен бірге жұптық және аралас сындар бойынша таласқа салынбақ. 

Жарыс BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Көрермендер үшін кіру тегін. Чемпионатты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-де басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.

Бөлісу:
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар