Қоғам
1 мин оқу 141

2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

<p style="text-align: justify;">Қорғаныс министрлігі&nbsp;2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылатынын хабарлады.&nbsp;&laquo;Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы&raquo; қаулы жобасы &laquo;Ашық НҚА&raquo; порталында жарияланды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, 2025 жылы 915 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Әскери қызметке шақырылған азаматтар 24 ай бойы Қарулы күштерде, ҰҚК Шекара қызметінде, ІІМ Ұлттық ұланында және Төтенше жағдайлар министрлігінде офицерлік құрам лауазымдарында қызмет атқарады. 

Запастағы офицерлерді шақыру әскери дайындалған резервті жинақтау және офицерлер құрамының бос лауазымдарын толықтыру мақсатында жүзеге асырылады.

Бөлісу:
2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар