Қоғам
1 мин оқу 80

Әжелер ән шырқайды

<p style="text-align: justify;">Сарыағаш ауданында &laquo;Ақ әже&shy;лер әуені&raquo; фестивалі биыл 14-ші рет ұйым&shy;дастырылып отыр.</p>

Әжелер ән шырқайды

Ауылдық клубтар мен мә­дениет үйлеріндегі әжелерден құ­ралған топ­тардың шығарма­шылық бел­сенділігін арттырып, қазақ ком­позиторларының әндерін наси­хаттау, халықтың рухын жаңғыр­туға үлес қосу мақсатында ұйым­дастырылған фестивальға 18 топ қатысып, 160 әже сахна төрінде өнер көрсетті. Фестиваль қорытындысына қатыс­қан аудан әкімі Арман Абдуллаев қазанын оттан түсірмей, ұлттық қазынамызды дәріптеп жүрген  әжелерге амандық тілеп, арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Түркістан облысы

Бөлісу:
Әжелер ән шырқайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар