Технология
1 мин оқу 90

Ең қуатты цифрлық орталық

<p style="text-align: justify;">Илон Масктың өнертабыстарын жиі жазамыз. Цифрлық әлемге көзді ашып-жұмғанша жаңалық &laquo;сыйлап&raquo; жатады. Себебі ол &laquo;Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні өзіміз белгілеген шекарадан шығуға тура келеді. Яки тарлық еткен көкжиек шеңберімізді кеңейтеміз, я өзгеріссіз өлуге мәжбүр боламыз&raquo; деген ойды құндылыққа айналдырған. Сүйікті ісінің табынушысына айналған Илон бұл жолы не істеді екен?</p>

Ең қуатты цифрлық орталық

Жасанды интеллектінің әкесі Илон Тен­нессиден (АҚШ) үлкен деректер орталығын ашты. «SpaceX» негізін қалап, орталықтың ­атауын «AI Colossus» деп қойды. Түсіндіріп өтер болсақ, бұл атауды Екінші дүниежүзі­лік соғыс кезінде деректерді декодтауда қол­данылған алғашқы электронды есептеу құрыл­ғысына байланысты қойған.

Ал орасан орталық әлемдегі ең қуатты цифрлық қамалға айналмақ. Мұнда 100 000-нан аса чип бар. Сенесіз бе, бұл ғаламшардағы кез келген жасанды интеллект жүйесінен көп. Жақында миллиардер «Colossus» пайдалануға берілді деп өзі хабарлады. Оның жұмысында 100 000-нан аса «NVIDIA H100» графикалық процессорлары қолданылады.

– Біздің команда «Colossus» оқу кластерін онлайн режімде іске қосты. Жұмыс 122 күнде бітті. Қазір алып алаң әлемдегі ең қуатты оқыту жүйесіне айналып отыр. Бірнеше айдан кейін чиптерінің саны 200 000-ға дейін артады, – деп жазды Маск.

Масктің «xAI» деп аталатын компаниясы жасанды интеллект төңкерісін жасап келеді. Енді тағы не істер екен?

Бөлісу:
Ең қуатты цифрлық орталық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар