Аймақтар
1 мин оқу 130

Атырау облысында 8 гектар аумақта қамыс өртенді

<p style="text-align: justify;">7 қазан сағат шамамен 17:00-ден бері Атырау облысы аумағында қамыс өртеніп жатыр, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырау облысында 8 гектар аумақта қамыс өртенді

Ірі алқаптағы өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе авиациясы жұмылдырылған. 

Әуеден аэровизуалды барлау жұмысы кезінде Құрманғазы ауданынан 43 км қашықтықта 5 га аумақта қамыстың бықсып жатқаны байқалған. Сонымен қатар аталған ауданнан 20 км шақырым жерде 3 га аумақта қамыстың жанып жатқаны анықталды.

зз

«Кеше сағат 17:00-ден бері «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағының су төгу құрылғысы арқылы әуеден жану ошақтарына 30-дан астам тонна су төгілді. Бүгін 8 қазанда қамыс өртін сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», делінген Төтенше жағдайлар министрінің хабарламасында.

ТЖМ дерегінше, елді мекенге өрттің таралу қаупі жоқ. Облыс аумағындағы өрт жағдайына мониторинг жасалып, ерекше бақылауға алынған.

Бөлісу:
Атырау облысында 8 гектар аумақта қамыс өртенді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар