Оқиға
1 мин оқу 120

Елордада 14 қабатты тұрғын үй отқа оранды

<p style="text-align: justify;">Астанада сейсенбі күні кешке көпқабатты тұрғын үй кешені өртеніп, жалын екі қабатын шарпыған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елордада 14 қабатты тұрғын үй отқа оранды

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Байқоңыр ауданындағы Ғабдуллина көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер өртті тез арада анықтап, түн ортасына қарай толықтай сөндірген.

Анықталғандай, тұрғын үйдің сыртқы қаптамасының жылытқышы өртенген. Өрт жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрайтын үшінші және төртінші қабаттарды шарпыған.

Бөлісу:
Елордада 14 қабатты тұрғын үй отқа оранды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар