Қоғам
1 мин оқу 70

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында Африка елдерінен келген алты және көршілес мемлекеттерден келген бір азамат анықталған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталды

Шет мемлекеттен келген азаматтардың құжаттары болмаған, сондай-ақ олар жеке құрылыс алаңында, мейрамханада және көлік жуу орнында заңсыз жұмыс істеген. 

«Шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, елден шығарылады», деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар көші-қон қызметі басқармасының бастығы осы күндері Алматыда жедел жағдайды жақсартуға, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, заңсыз көші-қонның және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге бағытталған «Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатқанын еске салды.

Бөлісу:
Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар