Президент
1 мин оқу 133

Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының Төрағасымен кездесті

<p style="text-align: justify;">Президент&nbsp;Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шикпен кездесті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының Төрағасымен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев У Вон Шиктің Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапары елдеріміз арасындағы тығыз қарым-қатынастардың дәлелі екенін айтты.

Президент Қазақстанның Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі Оңтүстік Кореямен арадағы санқырлы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтті.

1

Мемлекет басшысы тараптардың парламентаралық ықпалдастықты жандандыру жолындағы күш-жігеріне қолдау білдірді. Бұл – саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту ісінің маңызды тетігі.

У Вон Шик қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтып, қазақ-корей байланысын барлық бағыт бойынша тереңдетуге дайын екенін жеткізді.

2

Қасым-Жомарт Тоқаев пен У Вон Шик автокөлік құрастыру, энергетика, өнеркәсіп, білім және мәдениет салаларында қазір жүзеге асырылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланған бірлескен жобалар жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында барлық деңгейдегі диалогты жалғастырудың, сондай-ақ көпжақты алаңдар аясындағы кездесулердің маңызды екені айтылды.

Бөлісу:
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының Төрағасымен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар