Берік Әбдіғали жаңа қызметке тағайындалды
<p class=" typography typography__variant-h1 section__header-title " style="text-align: justify;" data-tip="true">Берік Әбдіғалиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының міндетін уақытша атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді. </p>

Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы Айзада Құрманова музейге арнайы келіп, жаңа басшы Берік Әбдіғалиұлын музей ұжымына таныстырды.
Берік Әбдіғалиұлы 1971 жылы туған. Білімі жоғары: 1994 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында қызмет етті.
- 2010-2013 жылдары Ұлытау ауданы әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары;
- 2016 жылы ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінің бас ғылыми қызметкері;
- 2017-2019 жылдары ҚР Ұлттық музейінің «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі;
- 2019-2021 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі.
- 2021-2022 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты;
- 2022-2024 жылдары Ұлытау облысының әкімі лауазымын атқарған.