Футбол
2 мин оқу 63

Жеңілістен көз ашар емес...

<p style="text-align: justify;">Футболдан ұлттық құрамамыз УЕФА Ұлттар лигасындағы кезекті матчын өткізіп, Словения құрамасына есе жіберді. Алматының Орталық стадионында өткен ойын тағы да көп кемшілікті танытты.</p>

Жеңілістен көз ашар емес...

Алматыда өткен тар­тысқа дейін 10 қа­занда сырт алаңда Аус­­трия ұлттық құрамасына 4:0 есебімен есе жіберген жігіттер Словения футболшыларына қарсы ши­рақ ойнады. Жігіттерге өкпе жоқ. Тіпті 17 минут бойы сол қап­талмен шабуылды өрістеткен Бауыр­жан Исламхан Абат Айым­бетовке ұтымды пас берді. Абат ықшам қимылдап, шірене тепкен. Еуропаның тә­жі­­рибелі қақ­пашыларының бі­рі саналатын Ян Облак біздің жігіт­терден мұндай шабуылды күткен жоқ еді. Еш қайран көр­сете алмай, көзімен ұзатып салған. Әуелеп жеткен ала доп қақпа маңдайшасынан қайтты. Бұдан кейін де футболшылар бірнеше қауіпті шабуыл жасап, қарсыластың қорғанысын әжептәуір абдыратып тастады. Тіп­ті допқа иелік ету көрсеткіші де басым болды. Дегенмен  55-минутта Ян Млакардың жойқын соқ­­­қысын Игорь Щацкий қай­тара алмады. Есеп: 0:1.

Ресейлік маман Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас бап­кері қызметіне тағайындал­ғалы футболшылар ресми ойындарда жеңіске жете алмай келеді. Төрт матчтың үшеуінде жеңілді, бір ойында тең түсті. Қар­сыластар қақпасына әлі бір гол да соққан жоқ. Есесіне өз қақпамызға 8 гол өткізіп, 1 ұпай­мен көш соңында тұрмыз.

«Топтағы құраманың осалы жоқ. Біздің жігіттер әр ойын сайын шыңдалып келеді. Сло­ве­нияға қарсы ойында гол со­ғуға мүмкіндік туғанымен, бұйыр­­мады. Командалық ойын жү­йесін әлі де нығайту керек. Кем-кетікті келешекте бүтіндеуге күш саламыз», деді бас бапкер. С.Черчесов баптайтын ұлт­тық құрама Ұлттар лигасы аясында енді екі матч өткізеді. 14 қа­рашада Алматыға Аус­трия құ­рамасы келсе, 17 қара­ша күні сырт­­­та Норвегия құрама­сымен тар­­тысқа түседі. Топтағы үш құ­­­­­ра­­маның еншісінде әзірге 7 ұпай­­дан бар.

Бөлісу: