«Он алты жасар чемпион»: Жаңа телехикая жарық көрді
<p style="text-align: justify;">Бүгін балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Жазушының мерейтойына орай «Он алты жасар чемпион» повесінің желісімен телехикая түсірілді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қуанышты хабарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
4 бөлімнен тұратын телехикаяны «Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген.
«Сериалда бас кейіпкер - табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында бокстан Әлем чемпионы атанған ауыл мектебінің оқушысы Мұрат Батырбаевтың рөлін Нұрлыбек Есен және Әлібек Қосубақ сомдап шықты. Ал жаттықтырушы Николай Трофимовичтің рөлін Сергей Семыкин ойнайды. Режиссері - Нұргелді Садығұлов», деп жазды министр.
«Он алты жасар чемпион» қаламгердің 1951 жылы жазған туындысы. Шығарма кейіннен бірнеше рет өңделіп, «Чемпион, «Жекпе-жек» атауларымен де жарық көрді.
Ал телехикая «Qazaqstan» телеарнасынан 19-20 қазан күндері 15:00-де көрсетіледі.