Алматы
1 мин оқу 120

Алматыда 157 еңбек мигранты заң бұзған

<p style="text-align: justify;">Елімізде осы айдың 14-і күні басталған &laquo;Заңсыз келуші &ndash; 2024&raquo; жедел-профилактикалық іс-шарасы 18 қазанға дейін жалғасады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда 157 еңбек мигранты заң бұзған

Аталған шара – заңсыз көші-қон арналарын анықтауды және онымен байланысты басқа да құқық бұзушылықтардың жолын кесуді көздейтіні мәлім.

Алматы полицейлері «Заңсыз келуші» іс-шарасының алғашқы күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 214 адамды анықтаған, оның ішінде 157-сі шетелдіктер.

«Сонымен қатар сот шешімін орындамай, елден шықпаған 8 шетелдік те анықталды», деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Бөлісу:
Алматыда 157 еңбек мигранты заң бұзған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар