Орал қаласындағы тұрғын үйлерге жылу беріле бастады
<p style="text-align: justify;">Қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев облыс орталығында 1215 көпқабатты үй болса, оның 1048-іне соңғы екі күнде жылу берілгенін мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қалған 167 көп қабатты үйдің құбырына да жылу келіп тұр. Бұл үйлерде ПИК немесе басқару нысанын реттеу, ішкі жылыту жүйелерін жуып-шаю жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстарды сәрсенбі күні аяқтау көзделіп отыр. Сонда барлық үй жылуға қосылады. Жылу құбырларында қандай да бір мәселе туындаса, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның кезекші бригадалары қарап, жөндеп береді», деді қала әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев.
Айта кетейік, өткен аптада мектеп, балабақша, аурухана сынды әлеуметтік мекемелерге жылу берілген еді.