Қоғам
1 мин оқу 211

Илон Масктың анасы Алматыдағы Ықылас музейінде болды

<p style="text-align: justify;">Танымал кәсіпкер, инженер, миллиардер Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейін аралады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Илон Масктың анасы Алматыдағы Ықылас музейінде болды

Мэй Маск ханымға музей қызметкерлері экскурсия жүргізіп, 50-ден астам ұлттың музыкалық аспабын таныстырды.

Экскурсия кезінде «Steppe Sons» модерн этно-джаз тобы қонақтарға өнер көрсетті.

Мэй Маск ханым Алматы қаласы музейлер бірлестігі директоры Ләззат Сағындықоваға алғыс білдіріп, музейдің жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығына ие болған музейлердің бірі. Музей 1981 жылы құрылған. Қорында 1 мыңнан астам музыкалық аспап бар.

Белгілі болғандай, Илон Масктың анасы Мэй Маск Алматыда өтетін «Be Woman» форумына қатысу үшін Қазақстанға келді.

Бөлісу:
Илон Масктың анасы Алматыдағы Ықылас музейінде болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар