Аймақтар
1 мин оқу 70

Саламаттылықты насихаттайтын саябақ

<p style="text-align: justify;">Облыс орталығындағы №1 қалалық емхана алдында ақ халатты абзал жандардың құрметіне арналған дәрігерлер саябағы ашылды. Жайлы, жарасымды демалыс бағы жергілікті тұр&shy;ғындар мен қала меймандарына белсенді, саламатты өмір салтын насихаттайтын қалаулы орын ретінде қызмет етеді.</p>

Саламаттылықты насихаттайтын саябақ

Саябақтың бой көтеруіне қолдау білдірген облыс әкімдігі демалыс орнының медицина қыз­мет­­керлерінің мамандығына адал­дығы мен адам денсаулығын сақ­тауда атқарып отырған өл­­шеусіз еңбегіне алғыс пен риза­­шылықтың бір ишарасы еке­нін айтады. Жаңа саябақтың жалпы ауданы 6 мың шаршы метрді құрайды. Аумақты көгал­дан­дыруға ерекше назар аударылып, қайың, сібір шыршасы, тал, бөріқарақат, шырша, арша, пирамида теректері, вибурнум, тау күлі сияқты бұталардың кө­шеттері отырғызылды. Соны­мен қатар спорт алаңдары мен бала­лардың ойын аттракциондары да қарастырылған. Саябақ жа­рықтандырылып, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылды.

«Қаламыз облыс мәртебесіне ие болғалы көз алдымызда өз­геріп, жасарып келеді. Бұл бізді қуантады. Осы істердің басы-қасында жүрген азаматтардың барлығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Денсаулықты сақ­таудың қаншалықты маңызды екенін әсіресе біз, дәрігерлер жақсы білеміз. Ал мына саябақ – басты байлығымызды қалыпты ұстап тұруға таптырмас орын. Тағы бір атап өтерлігі – бұл сая­бақтың салынуы бізге деген құр­меттің бір белгісі деп білемін», деді ар­дагер дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор Райфа Иванова.

Биыл облыс әкімдігінің бас­тамасымен Семей қаласын абаттандыру жұмыстары аясында 62 аула мен 4 қоғамдық кеңістік жаңғыртылды. Ал қаланың сол жағалауынан орын алған Мұхтар Әуезов ескерткішінің маңы мен үлкен аумақты қамтыған алаңды жөндеу жұмысы жоспарға сай жүзеге асып жатыр.

Абай облысы

Бөлісу:
Саламаттылықты насихаттайтын саябақ · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар