Аймақтар
2 мин оқу 210

Жайық өңірінде газ тапшы

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында автокөлік иелері қазан айының басынан бері газ отынының тапшылығын көріп жатыр. &laquo;Бұл Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмысына байланысты&raquo; дейді мамандар.</p>

Жайық өңірінде газ тапшы

Облыстық энергетика және тұрғын үй-ком­му­налдық шаруашылығы бас­қармасының басшысы Мирас Мүлкәй өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өңірде қалыптасқан жағдайға түсінік берді. Батыс Қа­зақ­стан облысының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізумен 19 нысан айналысады. Облыс аумағында жалпы саны 109 газ құю стансасы бар. Өңірдің орташа айлық сұйытылған газды тұтыну мөлшері – 4000-4500 тонна.

Батыс Қазақстан облысына төртінші тоқсанда 11 566 тонна сұйы­тылған мұнай газын жеткізу жоспарланған екен. Соның ішінде қазан айында – 3510 тонна, қарашада – 4030 тонна, желтоқсан айында 4026 тонна жеткізу көзделген. Алай­да 14 қараша күнгі жағдайға қарағанда «Жайық­мұнай» ЖШС қазан айындағы жоспарын небәрі 41% орындап, 1442 тонна ғана газ берген.

– 1-25 қазан аралығында Атырау мұнай өңдеу зауы­ты уақытша жөндеуге жабылды. Осыған байланысты Энер­­­ге­тика министрлігі Атырау облысына қажетті газ көле­мінің бір бөлігін, яғни 2490 тонна өнімді «Жайық­мұнай» компаниясынан алуға шешім шығарған. Ал бұл ком­пания тәулігіне 220 тонна ғана сұйық газ жөнел­те алады. Қазір осы газдың 120 тоннасы – Батыс Қазақстан облы­­сына, 100 тоннасы – Атырау облысына жеткізіліп жатыр, – деп түсіндірді Мирас Мүлкәй.

Міне, өңірдегі газ тапшы­лығы, кейбір газ құю стансаларында талон пайда бол­­ғаны сондықтан екен. Бұған қоса, соңғы кезде өңірде сұйытылған газ отынымен жүретін көлік көбейіп кеткен. Полиция департаментінің мәлі­ме­тін­ше, өткен жылы газ жабдығы орнатылған көлік саны 15 650 болса, бір жыл ішінде ол 30 пайызға артып, 22 432-ге жеткен.

«Осы оқиғалардың себебі­нен сұйытылған газ құю стан­са­ла­рында кезек көбейіп, кей жерде талон пайда болды. Бірақ бұл уақытша жағдай. Қазір Энергетика министр­лігі қосымша сұйытылған мұнай газының қажетті көле­мін басқа көздерден бөлу мәсе­лесін қарастырып жатыр», деді бас­қарма басшысы.

Батыс Қазақстан облысы 

Бөлісу:
Жайық өңірінде газ тапшы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар