«Қалжыңы орынсыз болды». Спорт министрі Черчесовке кешіріммен қарауды сұрады
<p style="text-align: justify;">Кейінгі күндері Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал кеңінен тарады. Бапкердің бұл әрекетіне қатысты Туризм және спорт министрлігі футбол федерациясынан түсініктеме талап еткен еді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

17 қазан күні Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында Станислав Черчесовтің қалжыңы орынсыз болғанын атап өтіп, десе де кешіріммен қарауды сұрады. Оның кәсіби қызметіне қарап баға беру керек екенін ескертті.
Бұған дейін ведомоство федерациялар министрлікке бағынысты болып табылмайтынын айтып, дегенмен ұлттық құндылықтарға құрметпен қарау ісіне бей-жай қарамау керек екенін жеткізген.
Ал футбол федерациясы Станислав Черчесовтің қазақ тілін белсенді үйреніп жүргенін және сол оқиғада «әзілдемек» болғанын мәлімдеген.