Аймақтар
1 мин оқу 273
Түркістан облысында үш тонна шөп өртенді
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы Әйтеке би ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында үш тоннаға жуық шөп пен шаруашылық құрылысы өртенді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өрт сөндірушілер жақын маңдағы қосалқы ғимараттарға өрттің таралуына жол бермей, өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің себебі анықталып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін ескертті.
Бөлісу: