Қарағандыда сотталушыны азаптаған ҚАЖД қызметкеріне сот үкімі шықты
<p style="text-align: justify;">Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау дерегі үшін сотталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамды азаптаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне үкім шығарды.
- Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады, - деп жазылған хабарламада.
Сотталушы әділет капитаны атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді.