Экология
1 мин оқу 292
Каспий теңізінде екі рет жер сілкінді
<p style="text-align: justify;">Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеген.
Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02:02-де тіркелген.
Дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11:39-да болған.
Екі жер сілкінісінің ошағы 68 шақырым тереңдікте жатыр.
Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.
Еске салсақ, 17 қазан күні түнде Алматыда 2 балдық жер сілкінісі тіркелген.
Бөлісу: