Аймақтар
1 мин оқу 200

Қарағандыда газ баллоны жарылып, үш бала құтқарылды

<p style="text-align: justify;">Қарағандыда ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 3 адамды эвакуациялап, үш газ баллонын шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қарағандыда газ баллоны жарылып, үш бала құтқарылды

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін таңертең Саран қаласы Цимлянская көшесі бойындағы үй ауласында шаруашылық құрылысы мен дуал жанған.

«ТЖМ күшімен үйден 3 бала эвакуацияланды. Жану орнынан көлемі 27 литр болатын 3 газ баллоны шығарылды. Өрт толығымен 40 шаршы метр алаңда сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», деп атап өтті ведомстводан.

ТЖМ барлық азаматты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қарағандыда газ баллоны жарылып, үш бала құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар