Асу Алмабаевтың UFC-дегі рейтингі жоғарылады
<p style="text-align: justify;">Қазақстан намысын қорғап жүрген жекпе-жек шебері Асу Алмабаев (21-2) Лас-вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 245 турнирінде бразиялиялық Матеус Николауды (19-5-1) жеңген соң рейтингі күрт өсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Sports.kz жазғандай, жекпе-жек алдында Асу ең жеңіл салмақтағы файтерлер арасында 14-ші орында, ал оның бразилиялық қарсыласы 7-ші орында тұрған еді.
Бүгінгі жеңісінің арқасында Асу бразилиялықты кейінге ысырып, 7-ші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC алаңында 4 кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті (біреуін уақытынан бұрын жеңіп, үшеуін төрешілер шешімімен). Бразилиялық Николаумен жекпе-жегінен соң ол Дана Уайттан тағы бір титул үшін жекпе-жек ұйымдастыруды сұрады.