Спорт
1 мин оқу 280

Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

<p style="text-align: justify;">Бүгін Албанияның Тиранда қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды

Жастар арасындағы әлем чемпионатының бозкілеміне бірінші болып грек-рим күресінің шеберлері шығады. 21 қазан күні біліктілік раундтары мен жартылай финалдар жоспарланған. Әлем чемпионатын 60,67,72,82,92 келіге дейінгі салмақтағы балуандар ашады. 

Ел командасынан бүгін мына балуандар бақ сынайды: 

  • 60 келіге дейінгі салмақта: Досжан Өтепқалиев;
  • 67 келіге дейінгі салмақта: Дінмұхаммед Қошқар;
  • 72 келіге дейінгі салмақта: Мерей Мәулітханов;
  • 82 келіге дейінгі салмақта: Альмир Төлебаев;
  • 97 келіге дейінгі салмақта: Ерзат Ерланов.
Бөлісу:
Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар