Оқиға
1 мин оқу 125

Алматыда ер адам автобус жүргізушісімен төбелескен

<p style="text-align: justify;">Алматыда ер адам мен автобус жүргізушісі арасындағы төбелес <a href="https://www.instagram.com/p/DBYKq-wIMWt/?igsh=MTg5azExY3p0em52aQ==">видеоға</a> түсіп қалған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда ер адам автобус жүргізушісімен төбелескен

Оқиға бүгін, 21 қазанда таңертең Назарбаев даңғылында болған. 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам автобустың жабық есігін тепкен. Кейін бірнеше минуттан кейін ер адам өткір затты алып шығып, автобус жүргізушісін қорқыта бастаған.

Қазір бейнежазбаны Алматы полиция департаменті зерттеп жатыр.

«Осы факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге жанжалға қатысушы әрбір азаматтың әрекетіне құқықтық баға беріліп, ҚР заңнамасына сәйкес шаралар қабылданады», деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Алматыда ер адам автобус жүргізушісімен төбелескен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар