Қоғам
1 мин оқу 180

Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

<p style="text-align: justify;">Елімізде Республика күніне орай қосымша пойыздар қатынайды. Бұл туралы &laquo;Жолаушылар тасымалы&raquo; АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды

Мереке қарсаңында жолаушылар ағынының артуына байланысты келесі бағыттар бойынша жүретін қосымша пойыздар тағайындалған:

  • Ақтөбе - Шалқар бағыты бойынша № 630/629 пойызы 2024 жылдың 22 қазанынан бастап екі күнде бір рет жүреді;
  • Астана – Шымкент бағыты бойынша № 204 пойыз 2024 жылдың 21 қазанынан бастап күн сайын жүреді;
  • Шымкент – Алматы бағыты бойынша № 216 пойыз 2024 жылдың 22 қазанынан бастап күн сайын жүреді;
  • ⁠Алматы – Астана бағыты бойынша №201 пойыз 2024 жылдың 23 қазанынан бастап күн сайын жүреді.

Сондай-ақ қала маңы бағытында 2024 жылғы 25 және 27 қазанда Қарағанды-Астана жүрдек электр пойызының бағыты Бурабай курорттық станциясына дейін ұзартылады. № 7553/6811/6812/7556 электр пойызының бағыты Қарағанды ​​– Астана – Бурабай курорты:

  • Астанадан  шығу 10:40, Бурабайға келу 13:15;
  • Бурабайдан қайту 14:10, Астанаға келу 17:00.

Сонымен қатар 2024 жылдың 25, 26 және 27 қазанында Ерейментау-Астана-Көкшетау бағытындағы №6831/6829/6830/6832 электр пойызының құрамы қосымша вагондармен толықтырылады.

Бөлісу:
Республика күні қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар