Сенат
1 мин оқу 93

Күн тәртібі бекітілді

<p style="text-align: justify;">Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросы өтті. Онда депутаттар 24 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітіп, Палатаның алдағы жұмыс жоспарын пысықтады.</p>

Күн тәртібі бекітілді

Күн тәртібіне сәйкес алдағы бейсенбіде Сенат отырысында «Қазақстан Республикасы­ның Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қаралады.

Келісім Арал бассейніндегі экологиялық ахуалды жақсар­туды көздейтін бірлескен іс-шаралар әзірлеуге, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту­ға және екі елдің қарым-қаты­насын одан әрі арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ Бюро отырысында палата депутаттарының «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басшылығымен болатын алдағы кездесуіне қа­тыс­ты мәс­елелер талқылан­ды. Атал­ған іс-шарада мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпкерлік субъектілерінің басым жобалары жөнінде сөз қозғалмақ.

М.Әшімбаев атап өткен­­дей, Мемлекет басшысы Қазақ­станның кәсіпкерлік белсен­ділігін арттыруға үнемі ерекше мән беріп келеді. Осы рет­те Президент көтерген мәселе­лер­ді жан-жақты зерттеп, тал­қы­лап, оларды шешу жо­лын­да бірлесіп әрекет еткен жөн.

Сондай-ақ Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.

Бөлісу: