Жарлық
1 мин оқу 110

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы</p>

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлы – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ вице-президенті.

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі –Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызы – «№ 4 арнайы мектеп-интернат» КММ мұғалімі, Алматы қаласы

Траисова Эльмара Асқарқызы – «Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі, Орал қаласы.

3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз тапсырылсын:

Прокоп Георгий Георгиевич – «Шахтерское» ЖШС директоры, Қарағанды облысы.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 22 қазан

№ 685 

Бөлісу: