Жарлық
1 мин оқу 115

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы</p>

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы

Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

  • 1) Нұржан Светқалиға, ақын – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;
  • 2) Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына, жазушы – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;
  • 3) Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына, авторлық ұжымға – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;
  • 4) Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына, суретші – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілсін.

2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 22 қазан                        

№ 683 

Бөлісу:
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар