Табиғат
1 мин оқу 180

Түркістан облысында браконьерлер қолға түсті

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында полицейлер&nbsp;күдік туғызған көлікті тексеру кезінде браконьерлерден 16 ақбөкеннің ұшасын және түрлі қару-жарақ тәркілеген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Түркістан облысында браконьерлер қолға түсті

Polisia.kz-тің мәлім етуінше, күмәнді Toyota Land Cruizer көлігі, 16 ақбөкеннің ұшасы және 13 бас бөлігі, 2 пышақ, 58 аңшы мылтығының оғы, дүрбі, аңшы мылтығы, 12 калибрі екі ұңғылы 2 мылтық, 4 жарықтандырғыш заттай дәлелдеме ретінде тәркіленіп алынған. Тиісті сараптама тағайындалды.

Көлікте күдікке ілінген 4 ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Олар Жамбыл облысы тұрғындары болып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Түркістан облысында браконьерлер қолға түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар