Есірткі
1 мин оқу 130
Желіде есірткі жарнамалаған арналар бұғатталды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының прокуратурасы есірткі мен психотроптық заттарды жарнамалап, таратумен айналысқан 16 Telegram-арнаны бұғаттады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тексеру барысында тыйым салынған заттарды сатып алушыларға «таратушы» жұмысы да ұсынылғаны анықталды. Нәтижесінде сот Медеу ауданы прокурорының тыйым салынған ресурстарды бұғаттау туралы талабын орындады.
Заңсыз іспен айналысқан Telegram-арналардың қызметі тоқтатылды. Кінәлілерді жауапкершілікке тарту мақсатында қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыру үшін полицияға жолдады.
Бөлісу: