Елорда
1 мин оқу 91

Республика күні қарсаңында Астанада отшашу ұйымдастырылады

<p style="text-align: justify;">Астанада Республика күніне орай демеушілік қаражат есебінен мерекелік отшашу ұйымдастырылады. Отшашу 25 қазан күні сағат 21:00-де Триатлон саябағында (Пирс ауданы) өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Республика күні қарсаңында Астанада отшашу ұйымдастырылады

Айта кетейік, ұлттық мерекеміздің құрметіне Астанада 100-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, соның ішінде мерекелік концерттер, көрмелер, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлері бойынша турнирлер және басқа да көптеген іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Іс-шаралар орталық алаңдар мен ірі нысандарда, сондай-ақ тұрғын алаптардың аумақтарында, білім беру ұйымдарында және т. б. орындарда өтеді.

Бөлісу:
Республика күні қарсаңында Астанада отшашу ұйымдастырылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар