Білім
2 мин оқу 430

Жаңа заманның еншісі

<p style="text-align: justify;">Республика күні қарсаңында Ақмола облысында тағы да екі жаңа жайлы мектеп пайдалануға берілді. Қабанбай батыр ауылында ақ түйенің қарны жарылған оқиға орын алды.</p>

Жаңа заманның еншісі

Білім ошағы 1 200 оқушы­ға лайықталған. Жаңа модифи­ка­циядағы кабинеттер, аумағы атшаптырым, кең де жарық спорт залдары, STEM-зертхана, асхана, кітапхана, спорт алаңы және басқа да көптеген мүмкіндік қарастырылған.

– Алдағы тоқсаннан бастап 800-ден астам оқушы білім ала бастайды. Мектеп осы ауыл тұр­ғындарының ғана емес, жақын маңдағы елді мекендердегі бала­ла­рының да білім алуына мүмкін­дік тудыратын орталыққа айналады, – деп атап өтті мектеп-лицейдің директоры Рүстем Жахин.

Жағымды жаңалық ауыл тұрғындарын ерекше қуа­нышқа бөлеп отыр. Олар бауыр еті балаларының заман талабына сай білім алуына мүмкіндік туғызған мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлық деп қабылдайды.

– Жайлы мектеп көкі­регімізде жүрген арманымыз еді. Бүгін сол арманға қолымыз жетіп отыр. Өз басым 23 жыл мектеп директоры болып қызмет еттім. Ауыл мектебі мен қала мектебінің бірдей болуы – ата-аналардың ең басты тілектерінің бірі, – дейді Светлана Лузанова.

Облыс әкімі Марат Ахмет­жа­нов жаңа оқу жылында өңірде 8 мек­­теп ашылға­нын, олардың алтауы орын жетіспеушілігі мәселесін ше­­шу және оқушыларға қолайлы жағ­­дай жасау мақсатында ұлттық жо­ба аясында салынғанын атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен біздің өңірде жайлы мектептер ашылып отыр. Білім ошақ­тарының жағдайы  қала мек­тептерінен кем емес. Ел болашағы – білімді және жан-жақты дамы­ған балалардың қолында, – деп атап өтті облыс әкімі.

Дәл осындай білім ошағы осы аудандағы Қаражар ауылында жұмыс істей бастай­ды. Қос қуаныш ауыл тұрғы­н­дарының көкірегіне ризашы­лық сезім ұялатып отыр.

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы

Бөлісу:
Жаңа заманның еншісі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар