Аймақтар
1 мин оқу 111

Балдырғандарға қамқорлық

<p style="text-align: justify;">Нұрлыкөш ауылында 280 орындық балабақша пайдалануға берілді. Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалып, қуанышқа бөленді.</p>

Балдырғандарға қамқорлық

Еңселі балабақша үш қабатты, жалпы аумағы үш мың шаршы метр­ді құрайды. Онда ба­лалардың заман талабына сай жан-жақты дамуына барлық қолайлы жағдай туғызылған. Кең де жарық асхана, музыка, дене шынықтыру залдары бар. Мұнда балалардың дамуының деңгейін ескере отырып, толымды, жан-жақты ықпал жасайтын білікті мамандар жұмыс істейтін болады. Сөз арасында Нұр­лыкөш елді мекенінде кілең қан­дастар тұратындығын, осы аудандағы тұңғыш мекеменің пайдалануға бе­рілгендігін айта кет­кеннің артықтығы болмас.

– Балабақша ауыл тұрғын­дарына өте қо­лайлы, – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахмет­жанов. – Еліміздің ертеңін көркейтетін балаларға осындай жақсы жағдай туғызу біздің міндетіміз. Жаңа балабақшаның ашы­луы – ауылдық жер­лерде білім жү­йе­сін да­мытудың ма­ңыз­ды қа­дамы. Мұн­дай жобалар мектепке дейінгі ме­кеме­лердің қол­же­тімділігін қамтамасыз етеді.

КӨКШЕТАУ

Бөлісу:
Балдырғандарға қамқорлық · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар