Қазақстанның 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
<p style="text-align: justify;">«Қазгидромет» синоптиктері бүгін, 26 қазанда елдің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Ұлытау облысының шығысында тұман.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші 15-20 м/с болады.
Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Алматы облысының батысында, шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 15-20 м/с болады.
Шымкентте түнде және таңертең нөсер жаңбыр, найзағай. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с болады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман.