Оқиға
1 мин оқу 113

Атырауда сауда орталығынан өрт шықты

<p>Атыраудағы Baizaar сауда орталығынан өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда сауда орталығынан өрт шықты

ТЖМ мәліметінше, өрт аумағы алдын ала 1000 шаршы метрді шарпыған. Белгілі болғандай, ғимараттың екінші қабатындағы қойма мен шатыры өртенген.

"Өртті сөндіруге жеке құрамның 90 адамы, 12 техника жұмылдырылды: жеті негізгі техника және бес арнайы техника. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері 80 адамды, оның ішінде 45 баланы қауіпсіз жерге көшірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрт сөндіріліп, қауіп сейілді», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Атырауда сауда орталығынан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар