Алматы
1 мин оқу 131

Алматыда 45 мың бейнекамера бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне қосылған

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы қаланың цифрландыру басқармасы мен әкімдіктің жобалық кеңсесі мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда 45 мың бейнекамера бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне қосылған

«Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі» (ББЖ) жобасының негізгі міндеті – қаладағы барлық бейнебақылау камераларын бір платформаға біріктіріп, түрлі тапсырмаларға арналған бейнеағындарды бірнеше мәрте пайдалану және нақты уақыт режимінде бейне талдау қалыптастыру.

Бейне талдау – түтінді, отты, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғаларды, бет әлпетті тану, т.б. негізінде қалыптасады.

603 мемлекеттік және 906 жеке нысан бейнеағындарын ББЖ-ға қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне» 45 мың бейнекамера қосылған.

Бөлісу:
Алматыда 45 мың бейнекамера бірыңғай бейнемониторинг жүйесіне қосылған · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар