Бокс
1 мин оқу 130
Төрехан Сабырхан ширек финалда өзбек боксшысына қарсы шығады
<p style="text-align: justify;">Черногорияның Будва қаласында жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан ауғанстандық қарсыласын айқын басымдықпен жеңді, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алғашқы айналымда Төрехан Сабырханның (67 келі) қарсыласы, жергілікті боксшы жекпе-жектен бас тартты.
Чемпионаттың екінші айналымында отандасымыз ауғанстандық былғары қолғап шеберін 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Енді Төрехан Сабырхан ширек финалда өзбек боксшысы А. Ахмадовқа қарсы шаршы алаңға шығады.
Қазақстан бокс федерациясының мәлімдеуінше, бұл жекпе-жек 29 қазанға белгіленген.
Бөлісу: