Президент
1 мин оқу 160
Мемлекет басшысы Чехия Президентін құттықтады
<p style="text-align: justify;">Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Чехия арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі нығая түсетініне сенімді екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павел мен барша чех халқына құт-береке тіледі.
Бөлісу: