Білім
1 мин оқу 153

Өңірлерде жаңа мектептер ашылды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

Өңірлерде жаңа мектептер ашылды

Қостанай облысының Рудный қаласы мен Әулиекөл, Мичурино ауылдарында үш балабақша ашылды. Енді 600-ге жуық мектеп жасына дейінгі балалар заманауи әрі жайлы балабақшаларға барады.

Түркістан облысында 2 жаңа мектеп ашылды: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынған 2000 мың оқушыға арналған мектеп және 600 орындық №35 білім беру нысаны.

Ақмола облысында 280 орындық балабақша ашылса, Ақтөбе облысының орталығында және Мұғалжар, Ырғыз, Қобда аудандарында мереке қарсаңында тағы 5 білім беру ұйымы ашылған.

Сондай-ақ Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынған 1200 және 2000 оқушыға арналған 2 мектеп есіктерін айқара ашты.

Одан басқа Алматы қаласында 800 орындық №138 мектептің күрделі жөндеуі аяқталды. Ал Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында тағы бір білім беру нысаны ашылды.

Айта кетсек, 2024-2025 оқу жылының басынан бері барлығы 500-ге жуық білім беру ұйымы ашылған.

Бөлісу:
Өңірлерде жаңа мектептер ашылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар