Павлодарда жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды
<p style="text-align: justify;">Павлодарда жаппай төбелес болды. Оны ұйымдастырған тұрғындардың кім екені анықталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> жергілікті басылымға сілтеме жасап.</p>

Оқиға Қамзин көшесінде болған. Төбелесті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Кейін видео Telegram-дағы арналардың бірінде тарады.
Жарияланған кадрларда бір топ жігіттер жол бойында төбелескенін көруге болады. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қоңырау түнгі сағат 01:00-де түскен. Жаппай төбелеске қатысқан 22 жастан 36 жасқа дейін ер адамдар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.
- Тексеріс жүргізіліп жатыр. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Төбелесте кәмелетке толмағандар болмағаны анықталды, - деп хабарлады департамент.
Төбелеске барлығы онға жуық адам қатысқан, олардың жеке басы анықталды.