Қылмыс
1 мин оқу 130
Халықаралық іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды
<p style="text-align: justify;">Түркістанда 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген екі шетелдік ұсталды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ПД мәліметінше, күдіктілерге бірқатар ауыр қылмыс жасағаны үшін 2009 жылдан бері өз елдерінде іздеу жарияланған. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
«Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 15 жыл мемлекетаралық іздеуде болған екі шетел азаматын ұстады. Барлық жағдайлар анықталуда», делінген хабарламада.
Бөлісу: