Оқиға
1 мин оқу 125

Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

<p style="text-align: justify;">Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты терроризмді насихаттады деп айыпталған Қазақстан азаматына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды

Анықталғандай, сотталушы әртүрлі әлеуметтік желілер арқылы терроризмді насихаттайтын материалдар таратқан. Сонымен қатар, террористік және экстремистік әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды жихадқа шақырған.

Сотталушының  кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденген. Прокурор Т.-ға бас бостандығынан айыру жазасын, ал, сотталушы және қорғаушысы жеңіл жаза тағайындауды сұраған.

«Сот, сотталушының жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарының ауырлығын, жасаған қылмыстың әлеуметтік мәнін, жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін толық мойындағанын, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескере отырып, Т.-ға түпкілікті 256-бабының 1-бөлігі,  259-бабының 1-бөлігі негізінде 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Шымкент тұрғыны терроризмді насихаттағаны үшін сотталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар